Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар: Ұлым есекпен қой бағамын деп шешті

Тамара Асар қасқырмен бетпе-бет келіп тұрып қойларын қорғап қалған ұлының ерлігі туралы айтып мақтанды. Әншінің жалғыз ұлы ауылда қой бағамын деп шешім қабылдаған екен.

18809343_1378154118933679_2198703851719098368_n

Сурет: Тамара Асардың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші ұлы Қамбардың жазғы демалысын ауылда қой бағып өткізіп жатқанын айтып мақтанды. Осы орайда, өзге ата-аналардан балаларының ойын-сауық сауда орталықтарына қаншалықты жиі баратындарын сұрады.

“Әлемнің түкпір-түкпірін аралатып, білімді-білікті бола қалсыншы деп, жанымызды шүберекке түйіп, мұxит асырып өзгенің тілін өзінен артық қылып үйренсінші деп дымымыз қалмай дәріптейтін, үлкен қалалардағы сауда ойын-сауық орталықтарының тұрақты демеушілері – біздер мен сіздер құрметті ата-аналар. Сол орталықтардың есігін аптасына бір ашып, балаларымыз жоқ дегенде 5000 теңге қалдырмаса, үлкендер біз де, балаларымыз да өзімізді біртүрлі сезінетін сияқтымыз ба? Қалай? Әңгіменің расы, әлемнің біраз шетін араладық, жұмыспен, оқумен.

Әрі ойланып,бері ойланып Қамбар жігіт көкелерімен ақылдаса келе, Қырға есекпен қой бағам деп шешті. Күнде байланыс бар бір ғана төбеден маған таңғы сағат 6-да қоңырау шалады.  “Амансың ба, балам, қасыңда кім бар?” – десем -, “Мама, сәлем бердік. Есегім екеуміз жүрміз, жаңа қасқыр көрдік. Қойларыма ұзақ қарап тұрды да өзі кері айналып кете берді”, – деп өр жауап берді! Менің жүрегім “зың” ете қалса да білдірмей “Батыр атың бар ғой, жарайсың! Сенен сескенген шығар”, – деп сөзбен қомпитып қойдым. Ішім лыпылдап тұрса да, шүкір еттім. Әлемнің мың айналған мектебі үйрете алмайтын “айбарлықты” тек қана кең даланың кеңістігі үйрете алатын шығар. Қамбардың есегімен селфиі. Көрсе ренжиді, бірақ өзім түсіндірермін. Ал сонымен сұрақ, өзіме қатысты өзекті мәселе. ТРК-ларға балаларыңыз көп бара ма?” – дейді Тамара Асар.

Желі қолданушылары, өз кезектерінде әншіге ой саларлық жазбасы үшін алғыс айтып, оның пікірін қоштай түсті. “Машаллах, Тамара әпке, терең ойлы сөздеріңіз көпке ой салардай. Алла тағала жұма күнгі дұға тілектеріңізді қабыл етсін”, “Жарайсың, Аққамбар! Ауылдың өмірімен таныс бала еңбекті бағалайтын болады”, “Жасым сізден үлкен болса да, сізді Тамара ханым деп атағым келіп тұрады және солай атаймын. Сіздей ханымның ұлы ақылды болуы тиіс. Ұлыңыздың ақылды бала екені түрінде жазылып тұр”, “Өте орынды пікір. Сізге қосыламын” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа: Қанша мықты болсақ та, құдіреттің алдында қауқарсыз пендеміз

Майғазиев әйелін ең қымбат 30-қабаттағы мейрамханаға апарып тосын сый жасады

Карина Абдуллина: Болатты құлай сүйгенімді ол қайтыс болған соң бірақ түсіндім

Тыр жалаңаш билеген Баян Нұрмышеваның ұлы желідегілерді күлдірді (видео)

Талқылау