Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізде ешкімнің шатағы жоқ": Тәліптер Кабулды басып алғаннан кейінгі ауған қызының жылаған видеосы кең тарап кетті

Тәліптердің Кабулды басып алуынан кейін тараған жылап тұрған ауған қызының видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәліптер Кабул қаласына басып кіргеннен кейін елдегі жағдай қатты ушықты. Халықтың барлығы қала әуежайынан эвакуациялайтын ұшаққа міну үшін жанталасып жатыр. Көп адамдар ұшаққа міне алмай қалуда. Солардың бірі көзіне жас алған ауған қызының отбасы. 

Бейнежазбаны ирандық журналист және белсенді Масих Алинежад Twitter-де жариялады.

“Біз ешкім емеспіз, өйткені біз Ауғанстанда тудық. Мен көз жасымды тоқтата алар емеспін. Бұл видеоны түсіру үшін жасымды сүртуім керек. Бізде ешкімнің шатағы жоқ. Біз тек қана тарих болып қаламыз. Қатты күлкілі ме”, – дейді қыз бейнежазбада. 

Ол жаңа үкімет елде, әсіресе әйелдерге қатысты қатаң мұсылман ережелерін орнатады дегенді жеткізгісі келген.



“Талибандар” қозғалысы 1996 жылы билікті басып алғаннан кейін Ауғанстанда әйелдерге жалдамалы жұмыс жасауға тыйым салынды, қыздарға тек 8 жасқа дейін оқуға рұқсат етілді, содан кейін олар көшеде тек ер туыстарымен бірге шыға алады. Олар өкшені және қолды, аяқты, бет пен шашты көрсететін ашық киімдерді кие алмады. Тәртіп бұзушылар таяқ жеп, тіпті өлім жазасына кесілді.

 

Талқылау