Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптер әйелдерге спорттық ойындармен айналысуға тыйым салды

"Талибан"* билік құрған уақытта Ауғанстан әйелдері спортпен айналыса алмайды. Бұл туралы Талибанның тиісті комиссиясы басшысының орынбасары Ахмадулла Васик австралиялық SBS News порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

талибан спорт

Васик ислам әйелдерге үйден қажет кезде ғана шығуға рұқсат беретінін атап өтті. Ал крикет ойынының (ауған әйелдері арасында танымал ойын түрі) оның айтуынша, қажеті шамалы.

"Ойын кезінде олардың беті немесе денесі жабылмаған жағдайлар орын алуы мүмкін. Ислам әйелдерді бұлай көруге рұқсат бермейді. Қазіргі медиа дәуірінде таралған бейнелер мен фотолардың арқасында адамдар оларға қарауы мүмкін. Ислам Әмірлігі әйелдерге крикет пен басқа да спорт түрлерімен айналысуға тыйым салады", – деп келтіреді портал оның сөзін. 

Бұған дейін, "Талибан" Ауғанстанның жаңа үкімет құрамын жария еткен болатын. Сондай-ақ оның құрамына бірде бір әйел кіргізілмеген. 

"Талибан"* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.


Феминизм дегеніміз не?

Талқылау