AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптер Ауғанстанда жүрген Түрік әскеріне шабуыл жасаймыз деп қорқытты

Тәліптер Түркия билігіне Ауғанстаннан өз әскерін шығармаса, түрік күштеріне шабуыл жасайтынын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ауғанстанның “1TV” телеарнасына сілтеме жасап. 

Қозғалыс өкілдері Түркия басшылығының Ауғанстандағы контингенттің бір бөлігін ұстап қалу туралы шешімін егемендікті бұзу деп санайтындарын жеткізген. 

"Егер түрік шенеуніктері өз шешімін қайта қарамаса, Талибанның жақтастары түрік күштеріне қарсы шығады. Біз кез келген шетелдік әскердің қандайда бір сылтаумен Ауғанстанға келуін басқыншылық деп санап, басқыншылармен күресеміз", – делінген ұйымның хабарламасында. 

Ауғанстан аумағында “Талибан” қозғалысы өршіп тұр. Наразы топ бұл аймақтан АҚШ әскерінің кеткенін қалайды. Тәліптер мен үкімет әскерінің арасындағы қарсылық күннен күнге күш алуда. 

Қазір Ауғанстанда жағдай өте қиын. Кабулдан басқа барлық қалада саяси жағдай өршіп тұр. Көптеген провинциялар мен орталықтар, кішігірім қалалар тәліптердің қол астына өтті. 

Еске салсақ, АҚШ ауғанстандық босқындарды қабылдауға байланысты Қазақстанға ресми түрде өтініш білдірген жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеген болатын. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр