AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптердің Ауғанстан президентінің Кабулдағы кеңсесін басып алған суреттері жарияланды

Талибандар Ауғанстан президенті Ашраф Ганидің кеңсесін басып алған суреттері мен видеоларын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Аль-Джазира”-ға сілтеме жасап.

Видеода оннан астам қарулы ер адамның сарай арқылы өтіп, президент кеңсесін басып алғаны көрсетілген.

Тәліптер 15 тамызда Ауғанстанның Кабул қаласын толығымен басып алғаны туралы ақпарат таратқан. 

Әл Жазира телеарнасы сонымен қатар президенттің кеңсесінде талибтердің бірнеше фотосуреттерін орналастырды. Оның айтуынша, тәліптер туын президент сарайы үстінде көтерген.

15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті.

Бұқаралық ақпарат құралдары экс-ішкі істер министрі Әли Ахмад Джалали Ауғанстанның өтпелі әкімшілігін басқарады деп жазды, бірақ Талибан өкілдері уақытша үкімет құру туралы талқыламағанын айтты. Ішкі істер министрлігі билікті бейбіт түрде беруге уәде берді, ал түстен кейін Талибандар мен үкімет арасында келіссөздер жүргізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр