Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тальгода" зорланған әйел ғылым докторы болып шықты

"Тальгода" зорланған әйел ғылым докторы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақтөбе таймс" басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда "Тұлпар-Тальгоның" вагондарының бірінде зорланған келіншек соттың шешіміне келіспей, қайта арыз жазған. Әзірге оның мән-жайы белгісіз. Алайды зардап шегуші келіншектің кім екені анықталған.

35 жастағы іскер әйел Ақтөбедегі үлкен бизнесмендердің бірі. Ол мықты маман, сонымен қатар ғылым докторы болып шықты. Ол көптеген уақыт бойы шетелде тұрып келген. Қазіргі таңда жеке бизнесі бар, өз ортасында сыйлы, білімді басшы екен.

Бұл оқиға зардап шегушінің психикасына қатты әсер еткен. Ол сол уақыттан бастап психологтар мен психиатрлардың қатаң қадағалауына алынған көрінеді. Болған оқиғаларды жанындағылардан жасырған келіншектің қайғысын тек құрбысы ғана біледі.

Естеріңзге сала кетейік, сот "Тұлпар-Тальгода" болған зорлау ісіне қатысты шешім шығарып, айыптаушылардың бірін 2,5 жылға, енді бірін 2 жыл 3 айға қамауға алған болатын. Бұл шешімге келіспейтінін жеткізген жұрт та наразылық танытып, желіде пікір білдірген еді.

Талқылау