Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты

Талғат Жорабаев әйелінің толғағын тәні арқылы сезінгенін айтады. Келіншегі босанарда табаны мен тамағы қызып, өзі де қиналған екен. Бірақ, ол ер адамдардың әйелдері босанған кезде серіктес болуына қарсы шықты.

20066493_1721253551237066_8033833779975946240_n

Сурет: Аяулым Жорабаеваның жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Әйелім “Бюджеттік перзентханаға бара салайын” деді. Мен қарсы болып, барлық жағдайы жасалған перзентханада босанғанын қаладым. Сол күні телефон шұқылап жатып көзім ілініп кетіпті. Әйелім “Әкесі тұрыңыз. Менің толғағым келіп жатқан сияқты” деді. Таң намазымды оқып, Алла тағаладан дұға тілеп, осы жерге келдік. Құжаттың барлығын толтырып, әйеліме дем салып бердім.

Меніңше, әйел адам босанып жатқан кезде ер адам алыста жүруі тиіс. Анам Қарағандыдан арнайы келіп, Аяулымға серіктес болды.  Біріншісіне қарағанда, толғағы азғантай болған сияқты. Біріншісінде өзімнің белім мен ішім ауырып, барлығын сезген болатынмын. Алтынайға хабарласып “Мен ауырып жатырмын. Не істеймін? Өзім туа салайын ба?” деп әзілдегенмін. Екіншісінде сағат сегіз жарымдарға қарай тамығым мен табаным қыза бастады. Бір кезде анам хабарласып, “Балам, құттықтаймын! Ұлды болдың. Екеуінің де денсаулықтары жақсы” деп қуантты”, – дейді Талғат Жорабаев.

“Ана мен баланың денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда әйел адамның өзіне байланысты. Дұрыс ұйықтау, уақытымен тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану – болашақ ананың басты міндеттерінің бірі” дейді әншінің келіншегі. Сондықтан Жорабаевтар әулетінің келіні жүкті кезінде тек пайдалы тағамдар мен табиғи сусындарды ғана пайдаланған екен.

“Жүкті кезімде қымызды көп сұрайтынмын. Екі-үш күн ішінде 5-6 литр қымыз ішіп қоятынмын. Отағасы бірден әкеліп беретін. Басқа ешнәрсеге жерік болған емеспін”, – дейді Аяулым Жорабаева.


Жіберіп алмаңыз:

Зарина Омарова артық салмақтан арылу туралы кітап жазып жатыр

Айгүл Иманбаева да өзі туралы кітап шығармақ

Айару Бақытбек: Мені үйсіз адамдар емес, иттер көбірек алаңдатады

Айару Бақытбек: Менің анам да адам. Оған қолдау қажет

Талқылау