Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер қызметін атқарады
Фото: ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасын уақытша жаттықтырған Талғат Байсуфинов енді ресми түрде бас бапкер қызметіне тағайындалмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports24.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жуырда қос тарап келісімшартқа қол қояды. Байсуфинов келгеннен кейін қазан айында ұлттық құрама екі ойында алаңға шығып, төрт ұпай жинады.
Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, Солтүстік Македониямен матчта тең нәтижеге қол жеткізді. Одан кейін қараша айында Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан Бельгиямен 1:1 есебімен ұпай бөлісті. Ал Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы өткен жолдастық ойында ұлттық құрама қарсыласына есе жіберді.
Енді Байсуфинов команданы алдағы Ұлттар Лигасының маусымында басқармақ. Басты мақсат – Лига B санатына көтерілу.
Айта кету керек, Талғат Байсуфинов бұған дейін де 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманың тізгінін ұстаған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды