Талғарда ер адамды өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

Ішкі істер министрлігі Талғарда ер адамды атып өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлау ісі бойынша ресми пікірт білдірді. Олар күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік адамды өлтіру және кәмелетке толмаған баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Тергеу мәліметінше, күдікті мен жәбірленуші бұрын жақын қарым-қатынаста болған.
“Олардың арасында жанжал туындап, күдікті жәбірленушінің ағасына тапаншамен оқ атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасалған соң күдікті кәмелетке толмаған баланы ұрлап қашып кеткен. Күдіктінің жеке басы мен орналасқан жері анықталды. Ол қамауға алынып, қылмыс құралы шолақ мылтық тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қыз анасына табысталды. Оны дәрігерлер тексеріп жатыр.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді