Талғарда әмбебап базар өртенді (видео)
Алматы облысы Талғар қаласындағы орталық әмбебап базар өртенді. Жалын 900 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт түнгі 02:00 шамасында басталған. Негізінен киім және аяқ-киім сақталған контейнерлер отқа оранған.
Өрт сөндірушілер көрші Есік қаласынан келген. Ал отқа оранған базарды отызға жуық полицей қоршады. Жалын тек екі сағаттан соң ғана ауыздықталды. Бұл кезге дейін 900 шаршы метр жанып кеткен.
Өрт сөндіру кезінде базар қақпасы алдында тауар иелері жиналған. Олардың кейбірі отқа оранған базардан тауарларын алып шықпақ болған. Алайда полицейлер қауіпсіздік үшін жиналған топты ішке кіргізбей қойды. Нәтижесінде ер адам мен полицейлер арасында жанжал болды.
Әзірге өрттің нақты себебі анықталған жоқ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі