Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 10 жезөкше ұсталды

Талдықорғанда полицейлер жеңіл жүрісті қыздарды ұстады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жезөкшелердің 6-уы көрші елдің азаматшалары. Полицейлер қонақүй мен сауна қызметкерлерін ұстады. Сырт елден келген қыздар Қазақстаннан депортацияланады. Қазір тексеру іі жүріп жатыр.

Сондай ақ осы іске тікелей қатысы бар деген күдікпен  қаладағы қонақ үйлердің бірінің және саунаның қызметкерлері қолға түсті. Қазір олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабына сәйкес іс қозғалды. Полицейлердің  мәліметінше, шетелдік азаматшалар Қазақстанға қыркүйек айының соңына таман келген. Тәнін саудалауды мақсат еткен олар  Қазақстаннан депортацияланатын болады. Қазір мәселенің анық-қанығы анықталғанша олар қамауға алынды.

Арнайы рейдке СПИД орталығының мамандары да қатысып жатыр. Олар жезөкшелерден анализ сараптамасын алды.

Тағы да оқыңыз:

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Әріптесі: Ұшақта қаза тапқан Патсаевқа қазақстандық дәрігерлер қарыздар

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Талқылау