Талдықорғандағы мектеп асханасында жүгіріп жүрген тышқанның видеосы тарады
Талдықорғандағы №28 мектептің оқушылары асханада жүгіріп жүрген тышқанды видеоға түсіріп алған. Олар білім мекемесінің басшылығы мәселеден хабардар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде мектеп асханасында жүгіріп жүрген тышқан видеосы жарияланды. Видео авторлары Талдықорғандағы №28 мектептің асханасын кеміргіштер басып кеткенін айтады.
Жетісу облыстық білім басқармасы жағдайды тексереміз деп сендірді.
"Жарияланған видеоны нақтылау үшін арнайы жұмыс тобы жіберілді. Жұмыс нәтижелері қосымша хабарланатын болады", - деді облыстық білім басқармасы.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі