Талдықорғанда уақытша тұратын баспанада жас отбасының балаларымен бірге мәйіті табылды
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті Талдықорғаннан 7 шақырым жердегі Еңбек ауылында бүтін бір отбасының төрт мүшесі көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнынан 1998 жылы туған күйеуі мен әйелі, сондай-ақ 2018 және 2021 жылдары туған екі бала табылды. Марқұмдардың денелерін жергілікті тұрғындар тапқан.
“2 ақпан күні полициядан Еңбек ауылынан төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті. Анықталғандай, көз жұмған 4 адамның екеуі бала. Алдын ала болжам бойынша, бұл кісілер 2-3 күн бұрын қайтыс болған, — деді Алматы облысы ТЖД-нің ресми өкілі Азамат Жұртбаев
Отбасының өліміне не себеп болғаны зерттеліп жатыр. Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"