AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың ескерткішін құлатқан: Талдықорғанда күдіктіні азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Талдықорған қаласының 37 жастағы тұрғыны, бес баланың әкесі Азамат Батырбаев тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен ұсталып, қамауда болған кезінде аяусыз азапталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Батырбаев

Instagram желісіндегі "Белсенділер экстремист емес" тобының парақшасында хабарланғандай, Азамат 5 қаңтарда Талдықорғандағы наразылық акциясына шығып, басқа наразылыққа шыққандармен бірге қаланың басты көшелерінің біріндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан. 

Белсенділер шеруден кейін ер адамды полиция қызметкерлері ұстағанын, содан кейін оны тәртіп сақшылары ұрып-соғып, азаптап, денесін ыстық үтікпен күйдіргенін айтады.

Адвокат Бауыржан Азановтың айтуынша, Азаматтың тергеу изоляторында қамауда отырғанына бір аптадан асты. Ер адамның алдағы тағдыры әлі белгісіз.

Оқиғаға қатысты бас прокуратура түсініктеме берді. Прокуратура ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әрекетіне қатысты шағым түскенін растады. Олардың сөзінше, қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерімен А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралуда. Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз. Батырбаев 23 қаңтарында жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан. А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді бас прокуратура. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр