Талдықорғанда мысықты ағашқа лақтырып, тепкен ер адам ұсталды
Талдықорғандағы дүкендердің бірінде мысықты ағашқа лақтырып, кейін тепкілеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 20 қаңтарда болып, 24 қаңтарда кінәлі ұсталған. Полиция хабарламасында оның 39 жастағы жергілікті тұрғын екені айтылған.
"Ұсталған адам дүкенге кіріп кеткен мысықты ұстап, көшеге алып шықпақ болғанын түсіндірді. Бірақ жануар абайсызда ер адамның қолын тырнап алып, оның қатыгездік танытуына себеп болған”, – деп түсіндірді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездікпен қарау") бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Еске салсақ, Талдықорғанда мысыққа қатыгездік көрсеткен ер адамның бейнесі әлеуметтік желіде таралғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар