Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған қалалық полиция бастығы жұмыс орнында қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күштібаев өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жетісу облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

“Талдықорған қалалық полициясының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 27 жастағы облыс орталығының тұрғынын зорлады деген күдікке ілінген. Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі “Қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі зорлық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындаумен зерделенеді”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің өкілдері. 

Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

2019 жылы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Күштібаевты қол астындағы қызметкерлерін боқтағаны үшін Алматы облыстық полиция қызметінің басшысы қызметінен босатқан.

Талқылау