Талдықорғанда ер адам 12 жастағы қызды аңдып, азғындамақ болған (видео)
Талдықорғанда ер адам 12 жастағы оқушы қызды аңдып, азғындамақ болған. Полиция оны іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 қараша кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған. Видео әлеуметік желіде жарияланды.
Сондай-ақ жазба авторы жеткіншекке ер адамның жыныстық сипаттағы іс әрекеттерді жасағанын айтқан.
Алайда полицияның хабарлауынша, бала зардап шекпеген.
"Аталған факт бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылуда, оларға облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды", - делінген хабарламада.
Тергеу жүргізілуде, іс Жетісу облысы полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.