Талдықорғанда жеңіл көлік екі жасар баланы қағып кетті: Бүлдіршін қаза тапты
Талдықорғанда жеңіл көлік екі жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 28 қыркүйек күні күндіз Шығыс шағын ауданындағы Сеңгірбаев көшесінде болған. Алдын-ала анықталғандай, бала өз үйінің жанында жолда ойнап жүрген. Жолда келе жатқан 38 жастағы "Toyota Cresta" жүргізушісі баланы байқамай, қағып кетті.
"Өкінішке қарай, бала жол апатынан көз жұмды. Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу басталды", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция қызметі.
Оралда жүк көлігін тізгіндеген нашақор үш оқушыны қағып кетті
Жетісу полициясы қаза тапқан бүлдіршіннің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.
Естеріңізге салайық, осыған дейін Алматыда мопед мінген курьер екі баланы қағып кеткені жарияланған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі