Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жүк көлігін тізгіндеген нашақор үш оқушыны қағып кетті

Оралда есірткіге масайған жүк көлігінің жүргізушісі үш баланы қағып кетті. Әртүрлі дене жарақатын алған балалар облыстық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

Орал ДТП

Ақпаратқа сүйенсек, 19 қыркүйүек күні түскі сағат 14:10 уақыт шамасында ГАЗ-53 автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші 30 мектепке қарама-қарсы аялдамасында 3 кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан 2009, 2010, 2011 жылғы кәмелетке толмаған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


 


Медициналық сараптамаға сәйкес жүргізуші каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланудан туындаған есірткіге мас болғаны айтылады.

Сонымен қатар аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау