Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жеңіл көлік пен цистерна тиеген жүк көлігі соғысып, үш адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жеңіл автокөлік мен цистерна тиеген көлік соғысып, үш адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бетке өтіп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ресми сайты мәлімдеді.

дтп мангыстау

“2 қыркүйек сағат 20:00 шамасында 102 кезекші пультіне “Шетпе – Жетібай” тас жолының 112/117 шақырымындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті. ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бет алып келе жатқанда қарсы қозғалыс жолағына шығып, MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды”, - делінген сенбі күні тараған ақпаратта.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау