Таиланд астанасы - Бангкоктің ресми атауы өзгертілді
Таиландта Корольдік қауымдастық басқармасы (ORST) ел астанасы Бангкоктің ресми атауы өзгергенін хабарлады. Енді Таиланд астанасы Krung Thep Maha Nakhon ("Періштелер қаласы ұлы астана") деп аталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bangkok Post-қа сілтеме жасап.
Астана атауын өзгерту туралы ORST ұсынысын Таиланд министрлер кабинеті қолдады. Жаңа ресми атау комиссия тексерісінен кейін заңды күшіне енеді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Krung Thep Maha Nakhon тек ресми түрде қолданылады. Ал Бангкок атауы сол күйі жақша ішінде атала береді.
Корольдік қауымдастық басқармасы Facebook-тегі парақшасында екі атауды бірдей қолдана беруге болатынын жазды. Ел астанасының атауын өзгерту туралы шешім қоғамда сынға ұшыраған болатын.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған