Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің Украинаға шабуыл жасау қауіпі әлі де бар - Байден

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға "шабуыл жасау" қауіпі әлі де бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

россия украина

Байден американдықтарға үндеуі кезінде АҚШ жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін атап өтті.

"Егер Ресей Украинаға шабуыл жасаса біз нақты жауап беруге дайынбыз және бұл әлі де мүмкін болып тұр", – деді Байден.

Сонымен бірге, америкалық тарап өзінің мәлімдемелеріне ешқандай дәлел келтірмейді.

Бұған дейін Байден Ресей 16 ақпанды Украинаға "басып кіру" басталатын дата ретінде белгілегенін айтқан болатын. Мұндай мәлімдеме Батыс елдерінің, Еуропалық Одақтың және НАТО басшыларымен келіссөздер барысында айтылды.


Украинада тұрып жатқан қазақтар елде орын алуы мүмкін соғыс туралы айтуда: Бірі азық-түлік қорын жинаса, енді бірі батысқа көшіп жатыр 


Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский 14 ақпан күні халқына бейнеүндеу жолдап, 16 ақпанның мемлекеттік мереке – Украина бірлігі күні болатынын мәлімдеген еді. 

Ал сарапшылар өз кезегінде Ресейдің Украина жеріне басып кіру ықтималдығы энергия бағасының көтерілуіне және сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтырады, бұл бірнеше елдерде экономиканың әлсіреуін туғызатынын айтқан.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі елдегі қазақстандықтарға үндеу жариялап, төтенше жағдайлар кезінде дер кезінде көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге тұруға шақырған.

Талқылау