Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің Facebook желісіндегі ресми профилінде сол елдегі қазақстандықтарға үндеу жарияланды.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, төтенше жағдайлар кезінде дер кезінде көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге тұруларын сұраймыз", - делінген елшілік хабарламасында.

Сіз Қазақстан елшілігінің веб-сайтында орналастырылған тіркеу картасын толтырып, төлқұжатыңыздың көшірмесімен бірге [email protected] электрондық поштасына жіберу арқылы елшілікте жеке қатысусыз консулдық тіркеуге тұра аласыз. Дипломатиялық миссияның веб-сайтынан басқа, сіз осы тақырып бойынша өзекті ақпаратты оның әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі парақшаларында бақылай аласыз

Елшіліктің байланыс телефондары: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (жедел қоңыраулар үшін).

Еске салайық, өткен жексенбіде Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың шиеленісуі аясында бірнеше елдің билігі өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырған болатын.

Сол күні бұқаралық ақпарат құралдарында Украина барлық ұшақтар үшін әуе кеңістігін жауып жатқаны туралы хабарлама пайда болды. Дегенмен, Қазақстанның Киевке ұшатын рейстерді тоқтатпағаны хабарланды. Украинаның бизнесмендері мен олигархтары чартерлік рейстермен елден кете бастағаны белгілі болды.


Ресейдің Украинаға басып кіруі бірнеше елге кері әсер етеді: Сарапшы пікірі

Талқылау