Тағы бір қазақстандық жас әнші Францияда танылды
2018 жыл қазақ өнері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Тағы бір отандасымыздың өнерін шетелдіктер, атап айтсақ, француздар жоғары бағалады. 12 жасар Санат Асуаттың әні 1 қаңтардан бастап Франциядағы әйгілі радиодан беріліде, деп хабарлайды Stan.kz.
“Жаңа жыл керемет жаңалықпен басталды. Санат Асуатты алдағы уақытта француз радиосынан тыңдауға болады. 1 қаңтардан бастап “SAUMUR” (Франция, Бельгия) радиосынан Санаттың орындауындағы Лара Фабианның әні “Je’ taime” беріліп жатыр”, – деп бөлісті жас таланттың анасы Facebook-те.
Айта кетейік, Санат Асуат бұған дейін республикалық, әлемдік байқауларға қатысқан. Ол Македонияда өткен “Звездочки” байқауында гран-при иеленген.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Танымал журналист: Баян біздің ақшамызды алып, үрім-бұтағымен шетелге кетті
Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай “көкесі” екені анықталды (видео)
Қарақат Әбілдинаның бала күнгі суреті жұртты сүйсіндірді (фото)
Сахнада тұрып кешірім сұраған Төреғалиді халық қолдап, қошемет көрсетті (видео)