Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да жеңіс: "Барыс" ХК "Автомобилистті" тізе бүктірді

"Барыс" Құрлықаралық хоккей лигасы аясында қатарынан екі ойын өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

барыс

"Барыс" командасы Екатеринбургтің "Автомобилист" клубын 2:0 есебімен ойсырата жеңді.

Матчтағы алғашқы голды америкалық легионер Энтони Луис соқты. Команда ұпайын Аркадий Шестаков еселеп, қанжығаға тағы бір ұпай байлады. 

Ресейлік легионер Әлихан Әсетовке дөрекі ойын өрнегін көрсетті. Әріптесіне жақтасқан Әділ Бекетаев шағын айыппұл алды. Жарақат алу салдарынан Әлихан Әсетов пен Аркадий Шестаков ойынды жалғастыра алмады.

Қазақстандық клуб үшін лигадағы дебюттік матчты әлем чемпионатының жүлдегері Юлий Гудачек өткізді.

"Автомобилист" 13 ұпаймен "Шығыста” бірінші орында қалды, ал "Барыс" тоғыз ұпаймен конференцияда бесінші болды.

 "Барыс" 24 қыркүйекте "Северстальмен", 26 қыркүйекте "Локомотивпен" және 28 қыркүйекте "Спартакпен" үш матчтық кездесу өткізеді.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Барыс ХК ресейлік “Сибирьді” ойсырата жеңгені жарияланған еді.

Талқылау