Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тағы бір қызды жүкті қылған": Кенжебек Нұрдолдайдың бірінші әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

Жастар арасында кеңінен танымал болған зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың басы тағы дауға қалды. Жазда шаңырақ көтерген әнші тойды “бейнебеянның түсірілімі” деді. Алайда әншінің жұбайы Жәмилә Тоқанова “Көреміз” бағдарламасына бар шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жас ана күйеуінің баласымен үйден қуып шыққанын айтқан болатын. “Тоқал аламын” деген сөзіне ренжігенін жасырмады.

“Екінші әйел аламын дегенде “бәріміз бір үйге қалай сыямыз” деп сұрадым. Ал ол "сендер бұл үйде тұрмайсыңдар" деді. Мен сендерді бөлек пәтерге шығарамын, пәтер ақысын өзім төлеймін, өзің қалаған пәтер іздей бер. Анам да саған көмектеседі. Бәрің бірге тұрасыңдар деді. Кенжебек тоқалға қатысты идеясын анасына айтқан кезде, ол "ойбай ұят, көңілдесіңде қара шаңырағыңа әкеліп, әйелің мен туған анаңды балаңмен қосып, пәтер аралатып қоймақсың ба?" деп қарсы болды. Одан кейін Кенжебек сәл ашуланып, ренжіп қалса “үйден қуып шығамын сендерді" дегенді айта беретін, –  дейді Жәмилә. 

Бағдарламаға Жәмиләнің анасы да келіп, күйеу баласының әнші екенін білмеген екен.

“Кенжебекті алғаш рет Малаховтың бағдарламасында көрдім. Онда оған ақ тілегімді жазып жібердім. Кенжебек алдыма келіп, "Тәте, қандай жақсы адамсыз. Өте тәрбиелі, инабатты, алға деп өмір сүретін қыз тәрбиеледіңіз. Бұл қызыңызды тастамаймын" деді. Бұлар жаңа жылға дейін отбасын құрғысы келді. Бірақ оның әкесінің туысқаны қайтыс болыпты. Құдағимен таныстық, сырға салу өтті. Қызым 1 шілдеде ұзатылды. Үйлену тойы 2 шілдеде болды. Бұрынғы күйеу баламның фейк той туралы айтқаны өтірік", – деді Айман Тоқанова.

Сонымен қатар Жәмилә күйеуінің қол көтеретінін де тағы бір мәрте қайталады.

“Қол көтергені рас. Жиі көтермейтін, қарсылық танытқанда, оның қасында маған ұнамайтын әйел бар. Ол бұрынғы қызын қонаққа шақырамын дейтін. Ал мен үйге әкелме, мен оған шай бергім келмейді дейтінмін. Ол менің телефонымды алып алатын. Өте мейірімді адам ретінде көрінетін. Мен оны танып үлгермедім. Менің ойымша, АХАЖ-ға барып, некемізді заңды тіркемеу Кенжебектің жоспары болды. Алғашында ата-анамыз үйленуге рұқсат бермеді. Сол кезде ол "жүкті болуың керек, ата-анамыз сол кезде рұқсатын береді" деген. Мен мұның біртүрлі екенін айттым. Некемізді тіркейік дегенде ол сылтау айтатын. Ол "тыңдарман қыздардың білгенін қаламаймын" дейтін, оған қоса, басқа да қыздары болған. Менімен тұрмыста бола тұра, басқа қыздармен сөйлескен. Келіп "Мен тоқал аламын деді". Мен қарсы болмадым. Ол "қалталы ер адам өзіне екінші әйел алуға жағдайы жетеді" дейтін. Ол өзін бай санайтын, сондай болғысы келетін. Мен 10 жыл тұрып көрейік, сосын көреміз дедім. Кейін ол қызды көрсетті. "Осы қызды алғым келеді" деді", – деді ол. 

Бағдарлама соңында Жәмилә тағы бір ел білмейтін құпияны айтты. Айтуынша Татарстанның Уфа қаласынан бір қыз жазған.Ол Кенжебектен “жүкті” болып қалған көрінеді. Жәмилә Кенжебек пен бейтаныс қыздың сөйлескен аудиосын бөлісті. 

"Әрине, маған балаға бәрібір. Ол некесіз туған бала. Ол – сенің періштең, мен үшін ол – некесіз туған бала", – деген Кенжебек аудиода. 

Еске салайық, Кенжебек мәлімдеме жасап, “қол көтерді дегені – жалған” екенін айтқан болатын. 

Талқылау