Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табыс бар, талғам жоқ": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қандай үйде тұрып жатқанын көрсетті

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова шаңырағын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: https://www.tiktok.com/@jaksy_adamdarym/

Әзілкештің жұбайы өнердегі қыз-келіншектің басын қосып, қонаққа шақырған. Келген қонақтар дастархан басына жайғасқанша зәулім үйді аралап көрді. 

“Кәрістер салған үй болғасын өте кішкентай болды. Менің тікелей араласуыммен кіреберістен бастап өзгерттік. Бір бөлменің қабырғасын алып тастап, холл жалғап жібердік. Қонақтар келгенде демалып, теледидар көріп, ойын ойнауға ыңғайлы етіп жасадық. Осындай өзгеріс көп болды. Кәрістер өздерін ойлайды, біз келген қонақтарды ойлаймыз. 300 шаршы метр шаңырағымызда тату-тәтті тұрып жатырмыз. Подьезде 3-ақ пәтер ғана бар. Ұлдар мен қыздардың бөлмесі бөлек орналасқан. Гардеробтың өзі бір бөлмені алып тұр. Менің жеке сахналық киімдерім мен заттарым бөлек гардеробта тұр. Балалардың заттарына араластырмаймын. Көзілдірікті жақсы көретін болғасын бір шкаф толы коллекциям бар”, – деп мақтанды актердың әйелі. 



Сонымен қатар үйінің тең жартысын алып жатқан ас үйін де аралатты. Айтуынша, екі бөлме зат қоятын бөлмесі бар екен.

“Менің жұлдызды ас үйім. Осы жерден видео салсам, өте көп қаралым жинайды. Екі қойма бар. Артық заттарды шығарып тастаймыз. Ас үйден бірден қонақ бөлмесіне өтесіз. Ол бөлмемізді де әдейі кең етіп жасадық. Қонақ өте жиі келеді. Сондықтан сыймай қалмасын дедік. Негізі шашылып жатқан бөлмелерімді көрсетпедім”, – деп ағынан жарылды продюсер.  

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі керемет деп жатса, енді бірі талғамсыз жасалған деп сынап жатыр. 

“Талғамсыз істелгені көрініп тұр”, “Неге дизайнер жалдамағансыз”, “Өте әдемі үй екен”, “300 шаршы метр үй тым үлкен емес пе?!”, “Әуелден мақтаншақ әйел еді”, “2013 жылы осы үйді өзім салып едім, өте сапалы салынды”, “Табыс бар, талғам жоқ”, “Тұрсынбектің арқасында шалқып отыр” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

@jaksy_adamdarym

 

♬ оригинальный звук - Жалмауыз блогер
Талқылау