Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қоқыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізбейтінін мойындады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сұрыптау мәдениетін қалыптастыруды түсіндіру төмен деңгейде екенін мойындап, ақпараттандыруды күшейтуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ОКҚ

Баспасөз мәлихатында министрге Stan.kz тілшісі сұрақ қойды.

"Елімізде сұрыптау мәдениетін қалыптастыру өзекті проблема болып отыр. Әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында оған қатысты ақпарат жеткілікті деңгейде емес деп жиі айтып жатады. Осыған не дейсіз?", – деді журналист.

"Бұл пікірге толықтай келісемін. Сұрыптау мәдениеті бойынша ақпараттандыру жұмысы өте төмен деңгейде. Осы сыннан қорытынды шығарып, мәселені қолға аламыз. Ауыл болсын, қала болсын қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру үшін бұл туралы көп айту керек. Жақсы мысалдарды көрсету қажет. Ақпараттандыруды күшейтеміз. Уәде беремін", – деді министр.

"Жасыл даму" басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай қоқысты сұрыптау мәдениетін дамыту мақсатында "Қолдау" деп аталатын бағдарламаның іске қосылғанын айтты.

"Осы бағдарламаға сәйкес, адамдар шыныны, қағазды, пластикті сұрыптап тапсырса, оған ақша төленеді. Осылай оларды қоқысты сұрыптауға үйретеміз деп жоспарлап отырмыз. Әсіресе, балалар қабылдау пунктеріне тапсырып, табыс таба алады. 100 теңге тапса да қоқысты сұрыптауға жақсы мотивация болады деп ойлаймыз", – деді ол.

Бұған дейін Атырауда қоқыс полигонына 20 тонна пияз төгілгенін жазған едік.

Талқылау