Шымкентте жігіт саябақта сән үшін қойылған элементке отырып, балағат сөз айтқан
Шымкентте City Park аумағында тәртіп бұзған жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Шымкенттегі City Park аумағында түсірілген видео тарады. Кадрларда жігіт тыйым салынған белгіге қарамастан, саябақтағы сәндік құрылымдардың біріне шығып, оның үстінде тербеле бастаған. Сонымен қатар ол қоғамдық орында былапыт сөздер айтқан.
Видеоның таралуынан кейін бұл жағдай құқық қорғау органдарының назарын аударды.
Шымкент әкімдігінің мәліметінше, полиция 2007 жылы туған жас жігіттің жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
"Осы факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды", – деп хабарлады Шымкент әкімдігі.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн