Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сығандар мүгедек-зейнеткерді қайыршы етіп, құлдықта ұстаған

Сығандар мүгедек-зейнеткерді 3 жыл бойы тұтқында ұстап, қайыршылық жасауға міндеттеген. Бұл туралы «Альтернатива» белсенділер қозғалысының әлеуметтік парақшасында жазды.

Зейнеткерді құлдыққа қарсы «Альтернатива» белсенділер қозғалысы мен “Еріктілер” отряды құтқарып алды.

66 жастағы Валерий Швец 2017 жылдың желтоқсанында өзге де тұтқындағылармен босатылды.

Еріктілердің айтуынша, ер адам әбден қалжыраған күйінде табылған. Ол құтқарылғаннан кейін бірнеше күн бойы сөйлей алмай, айналасында не болып жатқанан түсінбеген.

Кейін, ер адам демалып, қайта қалпына келуі үшін Мәскеуге жіберілді. Жақын күндері зейнеткер «Альтернатива» қозғалысының еріктілерімен бірге отбасына барады. Жолға және тамағына кететін ақшаны қайырымды жандар жинап берді. Барлығы 40 мың рубль жиналды.

«НТА — Приволжье» агенттігінің хабарлауынша, зейнеткерді ұрлаған сығандар әлі де бостандықта жүр.

Еріктілердің айтуынша, олар зейнеткерді құтқарарда полицяға арыз жазған. Бірақ, бұл істе ешқандай өзгеріс жоқ.

Тағы оқыңыз:

Амандасу әдебі: Қазақ қалай амандасқан?

Тарихтағы ең бай адам белгілі болды

Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды

Назарбаев: Терминдерді қазақ тіліне аударудағы “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді

Талқылау