Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суық тиген науқастың жанында жүрген адамдарды сақтандыратын 7 кеңес

Жөтеліп немесе түшкіретін адамдар айналасына инфекция таратады. Сол себепті, оларға ауруханадан анықтама алып, үйде жатып емделуге кеңес беріледі. Алайда бұл тек әріптестерін сақтандырады. Ал үйдегі отбасы мүшелері мұндайда не істеулері керек?

1. Үйді жақсылап тазалау

Үйде бір адам ауырып жатқанда, жеңіл-желпі тазарту жеткіліксіз. Міндетті түрде үстел мен орындықтың үстін сүртіп шығыңыз. Көзге көп көріне бермейтін қуыстарды да ұмытпаңыз. Суға дезинфекциялайтын құрылғыларды қосып алуыңызға болады. Бөлмені тазартып отыруды да ұмытпаңыз. Вирустар көп жағдайда ауа арқылы таралады. Сол себепті, вирус жүрген бөлмені тазартып қана қоймай, таза ауа кіруге мүмкіндік жасауымыз керек.

2. Көрпе-жастық пен орамал

Киім мен жастық-көрпенің тысын ыстық сумен жуыңыз. Міндетті түрде дезинфекиялайтын құралдар қосыңыз. Ақ заттарды хлор қосып жуыңыз. Ал түрлі-түсті киімдерді антибактериялық күші бар ұнтақтармен тазартыңыз. Кір жуғыш машинадағы антибактериалды кептіру деген тетікті басуды ұмытпаңыз. Жуылған кірлерді үтіктеп отыруды да естен шығармаңыз. Бұл киімдегі вирустарды өлтіруге көмектеседі.

3. Гигиена заттары

Жөтеліп жүріп пайдаланған орамалдарыңызды бірден қоқысқа тастап отырыңыз. Олардың диванның қуысында қалып қоймауын қадағалаңыз. Ауырып жатқан адамға жаңа тіс щеткасын сатып алып, оны басқалардікінен бөлек қойыңыз. Жазылғаннан кейін осы тіс щеткасын қоқысқа тастаңыз.

4. Шаң жинағыштар

Үйде науқас адам бар кезде шаң жинайтын заттарды тығып қоюға тырысыңыз. Олар жұмсақ ойыншықтар, әдемі жастықтар, кішкене көрпелер мен басқа заттар болуы мүмкін.

5. Бөлме өсімдіктері

Фитонцид бөліп шығаратын бөлме өсімдіктері бактерияларды өлтіруге көмектеседі. Сол себепті, мұндай көмекшіден бас тартпаңыз. Олардың ішінде ең көп таралғандары – алоэ, хлорофитум, циперус, пеперомия, туполистная, мирт, сансевьера және т.б.

6. Хош иістендіргіштер

Бұл жерде де бөлме өсімдіктеріне қатысты қағидаларды ұстанғанымыз жөн. Эфир майлары да бактериялардың көбеюіне тосқауыл қоятын әсерге ие. Мұнымен қатар, пияз бен сарымсақтың дәл осындай қасиеті бар.

7. Маскалар

Өзіңіз ауырғанда ғана емес, өзгелер ауырған кезде де маска киіп алғаныңыз дұрыс. Мұндай маскалар үй ішінде де артықтық етпейді. Бірақ, екі шартты орындауды ұмытпаңыз. Масканы науқас адаммен сөйлескен сайын тағу қажет. Мұнымен қатар, бір күнде оны бірнеше рет ауыстырған жөн.


Жіберіп алмаңыз:

Гинеколог-репродуктолог 25 әйелді оларға ескертпей ұрықтандырған

Өзіңізді “бет картасының” көмегімен емдеңіз

Ғалымдар: Мұны жасамайынша ұйықтамаңыз

Ғалымдар жалғыз тамақ ішудің не себепті зиян екенін түсіндірді

Талқылау