Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гинеколог-репродуктолог 25 әйелді оларға ескертпей ұрықтандырған

Бұрынғы гинеколог-репродуктолог Дональд Клайн өзінің пациенттерін олардың рұқсатынсыз ұрықтандырғаны үшін сотталып жатыр.

Бұл туралы New York Post басылымы жазды.

Тергеу барысында ер адам донорлардікінің орнына, өзінің биологиялық сұйықтығын пайдаланғаны анықталды. Дональд ауруханадағы жұмысынан 2009 жылы 78 жасында кеткен. Жұмыс тәжірибесінде ол 25 әйелді ұрықтандырған екен және ұрықтандыру үшін өзінің биологиялық сұйықтығын пайдаланып отырған. Яғни Дональд Клайн көптеген баланың әкесі болып шығуы мүмкін. Ал бұл заңға қарама-қайшы.

“Балалардың саны сіздер ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Ал оның ұрпағының саны шексіз өсе беретін болады”, – дейді Мэтт Вайт.

Тергеу барысында Дональд екі баланың әкесі екені анықталған. Бастапқыда гинеколог кінәсін мойындамай қойған. Бірақ, нақты дәлелдер пайда болғаннан кейін ол кінәсін толықтай мойындап, өзінің ұрығын қандай мақсатта пайдаланғанын түсіндірген.

“Мұндайдың енді қайталанғанын қаламаймыз. Қандай қателіктерге бой алдырып отырғанын өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар. Ол жасағандары үшін заң алдында жауап беруі тиіс”, – дейді Амбер Стаффорд.


Жіберіп алмаңыз:

Өзіңізді “бет картасының” көмегімен емдеңіз

Ғалымдар: Мұны жасамайынша ұйықтамаңыз

Ғалымдар жалғыз тамақ ішудің не себепті зиян екенін түсіндірді

Аштықтың қартаюға қарсы пайдасы дәлелденді

Талқылау