Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйінші сұрайтын әкем жоқ қасымда": Президенттің қолынан медаль алған Азамат Сатыбалды өкінішін айтты

Азамат Сатыбалды қуанышын көппен бөлісті. Мемлекет басшысының қолынан марапат алған актер өз өкінішін айтты.

“Қуаныш пен бірге көңіл босау бар. Шалбар алсам да алғаш әкем бағасын беріп құттықтаушы еді. Алланың қалауымен “ҚҰРМЕТ” орденін алдым. Қуанып тұрмын, бірақ көңілде босау бар. Себебі,ағайыннан сүйінші сұрайтын әкем жоқ қасымда. Бір кем дүние. Өмір ғой. Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталдым. Азын-аулақ еңбегімді елеп, ескеріп жатқан патшамызға рахмет”, – деді Азамат Сатыбалды. 

Актер ең алғашқы алған марапатымды әкем көрмеді деп өкінді. Қуанышпен қатар бір өкініш барын жасырмайды. Ол өзін қолдаған халыққа, өнерін бағалаған мемлекет басшысына алғысын айтты.

“Өнер менің өмірім, сол үшін өнерге қызмет жасаудан шаршатпасын Жаратқан. Тілекші болып жатқан жандарға алғысым шексіз. Рахметтен басқа айтарым жоқ. Ең бастысы еліміз аман, жеріміз тыныш болғай. Жаса Қазақстан”, – деп жазды парақшасында. 

Азамат Сатыбалдының 91 жастағы әкесі Сатыбалды ақсақал дүниеден озды. Бұл туралы театр ұжымы хабарлады.

Азамат мырза әкесі өмірден өткен соң анасымен өткізген әр сәтті бағалаймын деп жиі жазады. Ата-ананың қадірі туралы жиі айтады. 


Талқылау