Суданда қарулы күштер арасындағы қақтығыс: Қаза тапқандар саны 100-ге жетті
Суданда бірнеше күннен бері тұрақты армия мен үкіметшіл "Жылдам қолдау күштері" әскери тобы арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы дерекке сүйенсек, қаза болғандар саны 100-ге жуықтаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: theguardian.com
The Guardian сайтының жазуынша ауруханаларда орын тапшылығы тіркелуде. Соңғы мәлімет бойынша 97 адам көз жұмып, 365 жан жарақат алған. Ал ауруханаларға түскен науқастарға орын жетпей жатыр. Тіпті медициналық жабдықтардың да тапшылығы байқалуда.
"Жараланған азаматтарды қабылдайтын Хартумдағы (Судан астанасы, ред.) тоғыз аурухананың бірнешеуінде қан, қан құю жабдықтары, көктамыр ішіне сұйықтық және басқа да маңызды құралдар таусылды", - делінген ДДҰ ақпаратында.
Айта кетейік, Судан астанасы Хартум қаласында бірнеше күн бұрын күштік құрылымдар арасында қақтығыс басталған. 16 сәуір күні атыс әуежай маңында тіркелді. Тіпті Судан армиясы "Жылдам қолдау күштерінің" Хартум маңындағы базасына әуеден соққы жасаған.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық