Су тасқынының үшінші толқыны: СҚО әкімі елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтты
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі бар аймақтарда бақылау рейсін жүргізді. Аймақ басшысы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы аудан және қала әкімдерінің есебін тыңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: СҚО әкімдігі
Қызылжар ауданының ауылдары, Петропавлдан Долматов ауылына дейінгі аумақ, Үлкен және Кіші Тарангүл көлдері, Сергеев су қоймасы, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасында орналасқан елді мекендер зерттелді.
Ұшу кезінде су деңгейінің, гидротехникалық құрылыстардың және ықтимал су басу аймақтарының жай-күйін визуалды бағалау жүргізілді.
“Қазір елді мекендерге қауіп төндірмейтін су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Үшінші толқынның шарықтау шегі облыс орталығында сәуір айының соңы деп болжанып отыр. Жан-жақты дайындық жүргізілді: бөгеттер нығайып, айналма каналдар салынды. Жағдай бақылауда”, – деді аймақ басшысы.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген