Су тасқынынан зардап шеккендерге 1000-нан астам үй салынады - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан үйлерінен айрылған ауыл тұрғындарына жаңа баспана берілетіндігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкімет Өзбекстандағы су қоймасында болған апаттан кейін су тасқыны салдарынан үйлерінен айырылған азаматтар үшін Түркістан облысында мыңнан астам үй салуға кіріседі", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерде.
Естеріңізге сала кетсек, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің жарылуы болды.
Апат салдарынан көршілес Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ауылдар су астында қалды. Бұл жерде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы