Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар Дарын және Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқиды
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар "Дарын" және Назарбаев зияткерлік мектебінің мектеп-интернаттарында оқуын жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Үкіметте су тасқыны жағдайына байланысты эвакуациялық орталықтарға орналастырылған балалармен жұмыс істеу алгоритмі жасалды.
Қазір 115 мың оқушы білім алатын 130 мектепте оқу процесі қашықтан жүріп жатыр.
Эвакуация орталығындағы мектеп жасындағы балалар былай бөлінген:
- Бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) (207 бала ата-анасымен бірге) оқу процесін толық ұйымдастыра отырып, сауықтыру орталықтарына (лагерьлерде) орналастырылады;
- 5-8 сынып оқушылары (1 577 бала) "Дарын", БИЛ, НЗМ мектеп интернаттарына орналастырылады;
- Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар) (213 бала) колледждер мен жоғары оқу орындарына уақытша орналастырылады;
"Алгоритм әзірленді, жұма күніне дейін әкімдіктерге жеткіземіз. Бұл жұмысқа кәсіподақтарды, жеке меншік лагерьлер мен мектептерді, тегін жол жүруді қамтамасыз етуде ҚТЖ-ны, ЖОО оқытушыларын қосамыз. Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында балалар барлық қажет керек-жарақпен қамтамасыз етіледі. Мектеп психологтарының жұмысы да ұйымдастырылған", — деді вице-премьер Тамара Дүйсенова.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды