Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Су сары-жасыл болып кетті": Ақтөбелік белсенділер аймаққа хромның әсері тарап жатқанын айтып дабыл қақты

Ақтөбелік эко-белсенділер қалада алты валентті хромның әсерінен улы ошақ пайда болады деп қорқады. Жергілікті ферроқорытпа зауытының қалдықтары орналасқан өнеркәсіптік аймақ аумағында топырақ пен суда  алты валентті хром мөлшері жоғары екені анықталған. Олардың айтуынша аймақ тазартылғанымен, жағдай жақсармады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Ақтөбелік белсенділер Ақмарал Құсанова мен Айна Әбілқасымова индустриалды аймақтағы алаңда алты валентті хром бар екеніне сенімді. Себебі ол жақтың суы сары-жасыл болып, топырағы қарайып кеткен. Күмәнді сейілту үшін олар осы айда жергілікті ферроқорытпа зауыты бұрын зауыт қалдықтарын сақтаған учаскедегі шұңқырлардан алынған сұйықтық үлгісін зертханаға жіберді.

“Экология департаменті су сынамаларын көктемде алғанда, концентрация бірге тең еді, қазір үшке жетті. Бұл хромның бір жерден шығып жатқанын көрсетеді”, – деді "Эко Достар Ақтөбе" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айна Әбілқасымова. 

әТопырақ қарайып барады, кей жерлерде қара-жасыл болып кеткен. Бұл өте қауіпті. Теориялық тұрғыдан бұл қатерлі ісік пен басқа да ауыр ауруларды тудыратын қауіпті канцероген”, – дейді белсенді Ақмарал Құсанова. 

Үш жыл бұрын бұл аумақта өнеркәсіптік кәсіпорынның қалдықтары сақталған. Зауыт хром-шпинель ұнтағын өңдеу үшін мердігерге тапсырған, кейін бұл қызметпен айналыса алмаған. Нәтижесінде зауытқа айыппұл салынды, сонымен қатар 2021 жылы сот аумақтан улы қалдықтарды шығаруды бұйырды. 

“Шын мәнінде, алты валентті хром мөлшері шектен асып кеткен еді. Бірақ соңғы сынақтар бойынша ол жерде ешқандай зиянды заттар жоқ екенін көрсетті. Соңғы үлгілер үш апта бұрын алынған”, – деді экология департаменті басшысының орынбасары Талап Үснадин

“Экология департаментінен мына жерді тазалау бойынша хат келді. Біз бәрін жасап, шұңқырларды жауып, жұмысты бастауға рұқсат сұрадық. Құнарлы топырақ әкеліңіздер, оны жеткіземіз”, – деді "Қазхром" ТҰК" АҚ бас экологы Светлана Мащенко. 

Талқылау