Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су басқан 12 нысанның бәрінде малдар қауіпті аурудан қырылып қалған: Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулардың қаупі туралы айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова "Қазақстандағы су тасқынынан кейін жұқпалы аулулар тарайды" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөздерден алынған

Сенат отырысында денсаулық вице-министрі өңірлерде жұқпалы аурулар тарамас үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын айтады.

"Су тасқыны басталғаннан кейін Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейтін болды. Су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу үшін судың қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз етуге бақылау күшейтілді. Осы күнде 10 мыңнан астам судың зерттеуі жүргізілді. Нәтижесінде су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың қаупі өте төмен екені анықталды", – деді Айжан Есмағамбетова.

Вице-министр Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында мал көмілген 12 нысанды су басқанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, мұнда көмілген малдың бәрі қауіпті аурудан қырылған екен.



"Су кеткен жерлерде ветеринарлармен бірге тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Топырақтан сынамалар алынды. Зерттеу нәтижесінде потогенді микроағзалар анықталмады. Бірақ осыған қарамастан сібір жарасы және басқа аурудан өлген мал көмілген орындарға дезинфекция жасалды. Солтүстік Қазақстан облысында сібір жарасы және мал көмілген орындарды әлі де су басып тұр. Бұл жерлер зерттеліп, потогенді микроағзалар анықталмады. Су тартылғаннан кейін, тағы да осындай жұмыс жүргізіледі", – деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін су тасқыны болып жатқан облыстарда 8,1 мың бас мал қырылғаны туралы жазған едік. Мал иелерінің өтемақыны қалай ала алатыны белгілі болды. Су тасқыны салдарынан қырылған малдардың иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады. Ал меншік иелеріне өтемақы Ұлттық статистика бюросы жариялаған талапқа сай беріледі.

Талқылау