Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студенттерге шетелдік ЖОО-дан қазақстандық университеттерге ауысу жеңілдетілді

Коронавирус пандемиясына және шекаралардың жабық болуына байланысты шетелге оқуға бара алмайтын студенттерге оқуды жалғастыру үшін қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысу жеңілдеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

студенты"Бізде, өкінішке қарай, шетелге оқуға баруда қиындықтарға тап болған азаматтар бар. Мұндай адамдар үшін біз жоғары оқу орындарына ауыстырудың жеңілдетілген форматын ұйымдастырдық", - деді Тойбаев.

Ол шетелдік университеттердің барлығы бірдей шетелдік азаматтарға өздерінің бағдарламаларына сәйкес қашықтан білім бермейтінін түсіндірді. Сондай-ақ, барлық елдер өздерінің оқыту форматы туралы түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Шекаралар жабық немесе олардан өтуге қатаң талаптар қойылады.

"Мұндай студенттерге құжаттардың түпнұсқаларын ұсынудың қажеті жоқ – көшірмелер жеткілікті, өтініш жазу керек, мұның бәрін виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн режимінде жасау керек. Өтініш 15-20 минут ішінде ресімделеді", - деп атап өтті Тойбаев.

Білім министрлігінде студенттер үшін қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысу мәселелері бойынша жедел желі ұйымдастырылды: 8 (7172) 74 16 24.

Талқылау