Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стоматологияда күйік шалған: Оралда тісін емдетуге барған әйел есін жимастан көз жұмды

Оралда стоматологияда жазатайым оқиға болды. 31 жастағы әйел белгісіз заттан күйік алып, ауруханада есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" аймақтық басылымына сілтеме жасап. 

Әйел 10 тісін жұлдырғаннан кейін көп қан жоғалтып көз жұмды

Қайғылы оқиға 30 қарашада "Строитель" шағын ауданында орналасқан стоматологияда болған.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Мереке Жұмағалиев қалалық көпсалалы ауруханаға белгісіз жағдайда күйік алған әйел жеткізілгенін айтты.

Бұл ретте өрт туралы ешкім хабарламаған.

"Оқиға орнына Орал ТЖБ қызметкерлері барды. Стоматология иесі зардап шеккен адам стоматология бөлмесін тазартып жатқан кезде түсініксіз жағдайда, белгісіз заттардан  күйік алғанын айтты. Материал облыстық полиция басқармасына тапсырылды", - деді Жұмағалиев.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шегушінің денесінің 80% күйік шалған. Сол күні әйел алған жарақаттарынан есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Талқылау