Степногорсктегі ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы қаза тапты
Фото: st-tec.kz
Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқыс оқиға Степногорск ЖЭО-дағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үш жұмысщы әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір апаттың мән-жайын және себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Қай өңірлер қыста жылусыз қалуы мүмкін: Қазақстанда 10 ЖЭО әлі де "қызыл" аймақта
"Ұзақ күте алмаймыз": Ресей уәде еткен үш ЖЭО-ны Қазақстан өз күшімен салуға дайын
"Тексеру нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”