Степногорскіде үй өртеніп, бес жасар бала қаза болды
Степногорскіде жеке үйлердің бірінен өрт шығып, үй иесі әйелі мен екі баласын алып шыққан, алайда үлкен ұлына көмектесуге үлгере алмады. Тілсіз жаудың салдарынан 5 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Ақмола облысы Степногорск маңындағы Байқоныс ауылында таңғы сағат жетінің шамасында болған.
"85 шаршы метр аумақта орналасқан екі бөлмелі үйден өрт шықты. Үйде бес адамнан тұратын отбасы тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын от жалынынан алып шыққан. Өкінішке қарай, 2016 жыл туылған үлкен ұлы қаза тапты. Күйік шалған ер адам Степногорск облыстық ауруханасына жатқызылды", – деп мәлімдеді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
- Степногорскіде үлкен өрт болып, 60 саяжай жанып кетті (видео)
- Жедел жәрдем жауап бермеген: Қазақстандық асханада тамақтан қақалып өлген
- Оралда 26 жастағы жұмысшы тоққа түсіп қаза тапты
Өрт 07:14-те ауыздықталып, 07:46-да толық сөндірілді. Өрттің шығу салдары анықталуда. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің алты қызметкері мен бір техникасы қатысқан.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"