"Стелс-омикрон" Қазақстанның 12 аймағында анықталды: Денсаулық сақтау министрі вирустың қаупі туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың "стелс-омикрон" штамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін "стелс-омикрон" 12 аймақта тіркелген.
"Коронавирус инфекциясының бұл түрі дельта штамға қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ оның да қаупі бар, себебі жылдам таралады. Коронавирусты екінші рет жұқтыруға әкеліп соқтырады", – деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, "стелс-омикрон" республика бойынша тарала бастады. Бірақ мамандар эпидемиологиялық жағдайды бақылап келеді.
"Стелс-омикронның" симптомдары бар науқастар өздері де келеді, өзіміз де анықтаймыз. Ол адамдардың барлығы қажетті ем-домды толықтай алып жатыр. Аурудың қазіргі сипаты карантин шараларын қажет етпейді. Сондықтан ешқандай шектеулер жоқ", – деп атап көрсетті Ғиният.
Осы орайда министр бетперде тағу режимін енгізудің де қажеті жоқ деді. Бірақ барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
