Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стамбулдағы ұшақ апаты: 3 адам көз жұмды

Стамбұлда болған Pegasus әуе тасымалдаушы ұйымына тиесілі ұшақ апатынан үш адам көз жұмып, 179 жолаушы жарақат алған. Алғашында оқиғадан опат болғандар жоқ деп айтылған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Boeing 737-800 NG әуе кемесі Измир қаласынан бағыт алған ұшақ Стамбұлдың Сабихи Гекчен атындағы әуежайға қону барысында үш бөлікке опырылыпты. Қолайсыз ауа райының себебінен лайнер ұшып-қону жолағынан шығып кетіпті. 
Оқиғадан кейін әуежай жабылып, оның рейстері басқа әуежайларға ауыстырылыпты. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметтеріне сүйенсек, ұшақ жолаушыларының көбі Түркия азаматтары, қалған 20-сы шетелдіктер екен. 

Бұған дейін Стамбұл губернаторы Әли Ерликайя ұшақ апаты туралы пікірін білдіріпті. 

"Өкінішке орай, Pegasus әуе компаниясының ұшағы ауа райының қолайсыздығының салдарынан ұшып-қону жолағынан 50-60 метрге дейін шығып кеткен", - деп мәлімдеді қала губернаторы. 

Жарақат алғандардың барлығы ауруханаларға жеткізілген. 

Ұшақтың ішінде өрт тұтана бастапты, алайда құтқарушылар пайда болған отты дереу сөндіріп үлгеріпті. 

Стамбұл прокуратурасы оқиғаға байланысты тексеріс амалдарын бастап кетті. 


 

Талқылау