"Сөзінде тұратын азамат екенсіз": Бектенов қазақ тілінде баяндама жасаған вице-министрді мақтады (видео)
19 ақпанда үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мунды сөзінде тұрып, қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Премьер-министр Бектенов Дмитрий Мунды “сөзінде тұратын адам” деп атады.
"Сөзінде тұратын азамат екенсіз. Өткен жолы толығымен қазақша баяндайсыз деп келіскен едік. Бүгін толығымен қазақша баяндадыңыз. Дұрыс, осылай тырысу керек. Бірте-бірте бәрі келеді", – деді Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық ойынға қызығушылық танытып, бос уақытында жүктеп алып ойнауға уәде берген еді.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады