Елімізде мектеп бағдарламасына "Конституция негіздері" және "Заң мен тәртіп" курстары енгізіледі
Президент Тоқаевтың тапсырмасымен биыл мектептерде “Құқық негіздері” пәні оқытыла бастайды. Енді оқу бағдарламасына “Конституция негіздері” және “Заң мен тәртіп” курстары да енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бастаманың негізгі мақсаты жастарға заңды сақтаудың және Конституцияны құрметтеудің маңызын түсіндіру.

“Заңды сақтайтын, Конституцияны сыйлайтын жастар ғана жарқын келешекке, мол табысқа қол жеткізеді. Түсінікті тілмен айтсақ, бақытты өмір сүреді”, – деді Тоқаев.
Президент заңға немқұрайлы қарап, ережелерді бұзатын жастардың қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өз болашағына зиян келтіретінін айтты.
“Өкінішке қарай, бұл өте қарапайым ақиқатты көптеген азаматтар білмейді де, түсінбейді де. Біздің міндет – оларға өмірдің осы шындығын түсіндіріп айту”, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Тоқаев мектеп оқулықтарының мазмұны заман талабына және жаңа Конституцияның идеяларына сай болуы керек екенін айтты.
Ол бұл міндеттің сапалы әрі уақытылы орындалуына Үкімет пен тиісті министрлік тікелей жауапты екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кей пәндердің атауы мен мазмұны өзгеретіні туралы жазған едік.
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр