Мектептерде 1 қыркүйектен бастап оқушылардың өмірге төзімін арттыруға арналған пәндер оқытыла бастайды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пән енгізілетін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, бұл атауы жағынан да ерекше пән.
“1 қыркүйектен бастап балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары мен өмірге төзімін дамытуға негізделген “Жеке қауіпсіздік” курсы енгізіледі”, – деді Сүлейменова.
Алайда министр бұл пәнде балаларға нақты қандай білім берілетіні және сабақтардың қалай өтетіні туралы толық мәлімет бермеді.
Бұдан бөлек, мектеп бағдарламасына тағы бірнеше жаңа пән енгізіледі. 5–7 сынып оқушыларына “Конституция негіздері”, ал 8–11 сынып оқушыларына міндетті “Заң және тәртіп” сабағы оқытылады.
Бұған дейін таңдау бойынша оқытылып келген “Құқық негіздері” пәні енді міндетті болады. Оның мазмұнына Жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын оқыту да енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кей пәндердің атауы мен мазмұны өзгеретіні туралы жазған едік.
Тәліптердің билік басына келгеніне 5 жыл: Ауғанстанда не өзгерді?
