Созылмалы аурумен ауырады: Оралда ер адам көшеде мойнына пышақ тақап, өзіне қол салмақ болды
Оралда Н.Назарбаев даңғылындағы Юбилейная аялдамасында ер адам тамағына пышақ тақап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы дереу келгенін мәлімдеді. Полиция қызметкері Жасұлан Баймағамбетов ер адамның назарын аударуға тырысты, осы кезде қызметкер Мұхаммедрасул Рашитов оның қолынан пышақты жұлып алып, ер адамды ұстады.
Ол 39 жастағы Орал қаласының тұрғыны екені анықталды. Ер адам ұзақ уақыт бойы созылмалы аурумен ауыратыны анықталды. Оқиға орнынан пышақ тәркіленді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген