Сөйлеп жатқан жерінен ұстап әкетті: Желіде Ринат Зайытовтың тұтқындалған сәтінің видеосы тарады (видео)
Бүгін, 10 маусымда, танымал айтыскер ақын Ринат Зайытовты полиция ұстап әкеткені туралы ақпарат тарады. Айтыскер партия құрамын сайлау әділ өтпегені туралы айтып, наразылық танытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтыскер ақын сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, бүгін кешке "Алматы" аренаның алдында кездесу өткізетіні туралы мәлімдеген.
Жиында ол "партия құрамын сайлау әділ өтпегені" туралы айтып, наразылық білдірген.
Желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда жиналған тұрғындардың алдында сөз сөйлеп жатқан айтыскерді тәртіп сақшыларының ұстап әкеткені көрінеді.
Видеода Зайытов партия құруды қолға алатынын, халыққа бағыт беруге тырысатынын айтқан.
Әзірге қалалық полиция департаментіндегілер Зайытовтың ұсталуына қатысты ақпарат бермеді.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.